Amazing books that are waiting for you

Ислам Діні

Қазақ
Written By : Осман арабиық
Publisher : Hakikat Kitabevi
Download Read Book
Free Of Charge  

340
page
8-12
hours
37.7k
view

Сонғы кезде халқымыздың имандылыққа бет бұрғаны қаншалықты қуанарлы болса, оның пәк болған санасына сыртқы күштердің тынымсыз улау мақсатымен жүргізіп жатқан саясаты да соншалықты қайғылы екені сөзсіз. Ұлтымыздың бірлігіне қауіп төндіріп тұрған ұлттық санаға жат бағыттардың «дін еркіндігі» ұраны арқасына жасырынған іріткі салу үгіттеріне төтеп беру жеткілікті діни мәліметі болмаған азаматтарымыз үшін әрине оңайға соқпайды.

«Ислам діні» кітабы осындай жағдайда халқымыздың дұрыспен бұрысты ажыратып алуына көмектесу мақсатында құнды деректерден алынып даярланды.

Кең оқырман қауымына арналған аталмыш кітаптың негізгі мақсаты - дәстүрлік әһлі сүннет (сүнни) жолымыздың сыртындағы өзге де топтар және діни бағыттарды оқырманга өздерінің еңбектері арқылы таныстыру ғана. Адасқан топтардың дінді идеологияға айналдыруы нәтижесінде қаншама мұсылмандардың тура жолдан таюына себеп болғаны, халықтардың, мемлекеттердің басына қауіп туғызғаны жайлы деректер келтіріледі. Сонымен қатар кітапта адасқан топтар мен сенімдері туралы атақты ислам ғұламаларының берген жауаптары да орын алған.

What Readers Say? 8

Say Something...

You Might Also Like