Amazing books that are waiting for you

Жанұя

Қазақ
Written By : Бақыттың кілті
Publisher : Hakikat Kitabevi
Download Read Book
Free Of Charge  

266
page
7-10
hours
30.1k
view

Бұл кітап кең оқырман қауымға арналған. Отбасының қоғамдағы маңызы, отбасыда ата-ананың құрметі, ерлі-зайыптылардың міндеттері, бала тәрбиесі секілді өзекті мәселелер баяндалады.

Бүгін отбасы құндылықтарымыз үлкен қауіпте. Жаһанданып жатқан дүниеде «заманауи» деген ұранмен ұсынылып жатқан әдепке жат қасиеттерді сіңіріп, ақырын ақырын түп тамырымыздағы құндылықтарымызды жоғалтып келеміз. Маскүнемдік, есірткі, ұрлық, зорлық-зомбылық секілді барлық жамандықтардың түбі негізінде отбасылық құндылықтардың бұзылуынан бастау алады. Бұл ақау дұрысталмайынша қаншама шырылдасақ та нәтиже өзгере қоймайды. Ұмытпайық отбасы күшті болса, адам да, қоғам да күшті болады. Отбасылық құндылықтарымызға бекем болмасақ, келеңсіздіктер шешілмейді. Шешім отбасылық құндылықтарымызды сақтап қалу.

«Бақыттың кілті – Жанұя» есімді бұл еңбегімізде жанұя ішіндегі әрбір мүшенің өзіндік рөлдерін және жанұяның қоғамдағы орнын көрсетуге тырыстық. Біздің дәстүрлі отбасы құрылымымыз мейірім, өзара құрмет, махаббат негізінде құралған. Отбасыда әркімнің орны қандай, кімнің міндеті қандай, кімнің қай жерде отыратыны, кімнің жолы үлкен бәрі орныққан. Рухани құндылықтарына ие нағыз жанұяны ешкім тізе бүктіре алмайды. Өмір ағысында алдарынан не шықса да, ол жанұя бүкіл қиындықтарға бірге төтеп береді, тіпті шыңдалып, одан да күшейіп артынша келетін көркемдіктерімен қуаныштарымен де бөліседі.

What Readers Say? 12

Say Something...

You Might Also Like